Салтанат Джаненова
Орталық Азия бойынша мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік саясат орталығының директоры
Астана - 2025 жылғы 24 қазан
Ұлттық талдамалық орталық сарапшысының мақаласы беделді журналда жарияланды

Oxford University Press (Q1) баспасынан шығатын беделді «Policy and Society» журналында Салтанат Джаненова мен Сидней университетінің зерттеушісі Асель Мусагулованың бірлескен авторлығымен «Қазақстандағы саяси кеңес беру жүйесінің басқарылуы мен сапасы: мемлекеттік және жеке зерттеу ұйымдарының мысалында» атты мақала жарық көрді. Бұл мақалада Қазақстандағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік саясатты реформалау бойынша зерттеу жүргізетін үкіметтік және тәуелсіз талдамалық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл талданады.
Мақалаға сілтеме: https://doi.org/10.1093/polsoc/puaf025