Ұлттық талдау орталығы — Назарбаев Университеті жанындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдаумен айналысатын жетекші сараптамалық орталық. Біз ішкі және сыртқы саясатты, экономиканы және қоғамды терең түсініп, нақты деректер мен заманауи модельдерге сүйене отырып, дәлелді шешімдер қабылдауға көмектесеміз.
ҰТО — халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін үздік аналитиктер командасы. Бізге министрліктер, әкімдіктер, халықаралық ұйымдар мен бизнес қауымдастығы сенім артады. Бізбен әріптестік — тиімді әрі орнықты саясатқа жасалған сенімді қадам.