Мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік саясат - Орталық Азиядан көзқарас

«Жаңа жағдайдағы мемлекеттік басқару» (Springer) кітабындағы «Мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік саясаттың тартымдылығы мен сын-қатерлері: Орталық Азиядан көзқарас» тарауын оқыңыз.

Редакторлар: Алихан Байменов пен Панос Ливеракос (Astana Civil Service Hub).

Әлемде денсаулық сақтау, салық салу, әлеуметтік саясат және басқа да салаларда ғылыми негізделген шешімдер қабылдау үшін мінез-құлыққа негізделген мемлекеттік саясатқа (поведенческая госполитика) айрықша назар аударылуда.

Дамыған елдерде мінез-құлықтық саясат бойынша көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген.
Алайда Орталық Азия елдерінде мемлекеттік аппараттың саяси шешімдер қабылдау барысында мінез-құлық талдауын қандай тәсілмен және не себепті қолдануға тырысатынын түсінуіміз әлі де шектеулі.

Бұл тарауда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық науқан және Өзбекстандағы йод тапшылығының алдын алу шаралары бойынша екі кейс талданады.
Аталған мысалдарда мемлекеттік органдардың оң мотиві көрінеді: Қазақстанда азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының алдын алу мақсатында SMS-хабарламалар мен жарнамалық баннерлерді пайдалану; ал Өзбекстанда мектеп жасындағы балалар арасында йод тапшылығының алдын алу бастамасы.

Дегенмен, екі жағдайда да практикалық жүзеге асыру барысында көптеген сұрақтар туындайды.

Бұл зерттеу Орталық Азия контексінде мінез-құлықтық тәсілдерді қолдану кезіндегі қиындықтар мен этикалық мәселелерге ғалымдар мен практиктердің назарын аударуға жасалған талпыныс.

Сілтеме: The Appeal and Challenges of Behavioural Public Policy: A View from Central Asia | SpringerLink