Қазақстандықтар елді мекендерінің дамуын қалай бағалайды: жалпыұлттық сауалнама нәтижелері

Сүрет ЖИ көмегімен жасалған
Қалалар мен ауылдардың дамуы әдетте құрылыс және жөндеу жұмыстарының көлемі, жаңа әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуі, ортаның жақсаруы, қызметтерге қолжетімділіктің артуы және басқа да әкімшілік көрсеткіштер арқылы сипатталады. Бұл деректер орындалған жұмыстардың ауқымы туралы пайымдауға мүмкіндік береді, бірақ болып жатқан өзгерістерді тұрғындардың күнделікті өмірде қаншалықты сезінетінін толық көрсете алмайды. Объективті көріністі халықтың субъективті бағаларымен толықтыру және аумақтардың дамуына тұрғындардың өз тәжірибесі тұрғысынан қарау мақсатында 2026 жылдың шілде–тамыз айларында Ұлттық талдау орталық халық арасында сауалнамаға негізделген шағын зерттеу жүргізді.
Нәтижелерге сәйкес, елді мекендердің дамуын тұрғындар негізінен оң қабылдайды. Тұрғындардың басым бөлігі соңғы үш жылда оң өзгерістер болғанын атап өтеді. Әр он адамның сегізі қазіргі өмір сүру жағдайына қанағаттанса, шамамен үштен екісі алдағы уақытта да оң өзгерістер жалғасады деп күтеді.
Тұрғындар үшін ең айқын байқалатын өзгерістер күнделікті физикалық ортаға, ең алдымен жолдарға, абаттандыруға, саябақтар мен көгалдандыруға қатысты. Сонымен қатар, халықта инфрақұрылымды одан әрі дамытуға деген айқын сұраныс сақталады.