«Мемлекеттік басқарудағы мінез-құлыққа негізделген инсайттар: халықаралық тәжірибе және практикалық ұсыныстар» тақырыбындағы аналитикалық шолу

Аналитикалық шолу оқырманды мінез-құлық ғылымының тұжырымдамасымен таныстырып, халықаралық және қазақстандық мысалдарды ұсынады, сондай-ақ мінез-құлыққа негізделген құралдарды қолдану жөнінде практикалық ұсыныстар береді. Біздің кейстеріміз әртүрлі елдердің экономика, денсаулық сақтау, энергия тиімділігі салаларында және отандық өндірушілерді қолдауда мінез-құлыққа негізделген тәсілдерді қалай пайдаланып жатқанын көрсетеді.
Шолу Қазақстанда және Орталық Азия өңіріндегі саясаткерлерге, мемлекеттік қызметшілерге, талдау орталықтары мен халықаралық ұйымдардың сарапшыларына, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік саясатты, экономиканы, психология мен әлеуметтануды зерттейтін оқытушылар мен студенттерге қызықты болады. Біздің шолу мемлекеттік секторда мінез-құлыққа негізделген тәсілдерді әзірлеу және сынақтан өткізу жөніндегі жаңа идеялармен алмасуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Пікірлеріңізді күтеміз!